Қызылорда: Ұлы Отан соғысы құрбандарына тағзым етілді

Онда майданда қаза тапқан жауынгерлерге арналып гүл шоқтары қойылды.
Осы күні Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты «Отқа оранған өрендер» ескерткіш жанындағы саптық алаңда Отан қорғаушы күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара болды. Оған ТЖД қарасты бөлімшелер мен бөлімдер, сондай ақ ведомстволық бағынысты мекемелер ұжымдары қатысты.
Салтанатты жиында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Е.Төлеужанов, сала ардагері Т.Ботабаев құттықтау сөздерін сөйледі. Кадр жұмысы бөлімінің бастығы А.Сермағамбетова ҚР ТЖМ-нің Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құттықтауын жеткізді. Шара барысында қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі, сонымен бірге, қызметте озат көрінген әріптестерді марапаттау және арнайы әскери шен беру қоса ұйымдастырылды.