Қызылорда, Жамбыл және Қостанай облыстарында бірқатар лауазымды тұлғалар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы пошта байланысының Сырдария аудандық торабының басшысы Әлібаев Ж. пошта байланысы бөлімшесінің меңгерушісі қыметі үшін жеке тұлғадан 50 000 теңге пара алғанын анықтады.
None
None

 Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар департаментінің қызметкерлері Жамбыл облыстық әділет департаменті Қордай аудандық сот актілерін орындау аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Аманғазиев А. мен сот орындаушысы Үсібжанов Н. ұстады.

Аманғазиев А. мен Үсібжанов Н.  бопсалау арқылы борыш көлемін азайту үшін жеке тұлғадан 30 000  теңге көлемінде пара алған.  

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Рудный қ. «Салық төлеушілер ақпаратын қабылдау және өңдеу бойынша орталық» МКД бөлімінің басшысы Бекмағамбетов М. ұстады. Ол ҚҚС бойынша тез әрі кедергісіз есепке қою үшін «ВАБ-2016» ЖШС директоры  А.Барановтан100 000 теңге көлемінде пара алды.

Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.  

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар