Қызылорда және Қостанай облыстарында дауыл тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда және Қостанай облыстарында дауыл тұрады

17 қараша күні Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғуы мүмкін. Дауыл соғу қаупі - 90-100%.

17 қараша күні Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, таңертең және күндіз жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 18 м/с-қа жетуі мүмкін. Дауыл соғу қаупі - 90-95%.