Қызылорда және Маңғыстау облыстарында күн суытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда және Маңғыстау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қызылорда және Маңғыстау облыстарында күн суытады

1-3 желтоқсан аралығында Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі. 2-3 желтоқсанда солтүстік-шығыс бағыттан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с болады. Дауылдың ықтималдығы - 90-95 %.

1 желтоқсан күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақтау қаласында желдің екпіні 18 м/с-ке дейін жетеді. Дауылдың ықтималдығы - 90-95%.