Қызылорда жастары тал егу шарасына қатысты

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының жастары жақсы бастаманы қолға алуда.

   Қызылорда жастары тал егу шарасына қатысты

«Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөзді басшылыққа алған жастар Қызылорда қаласындағы жаңадан салынған 1200 орындық № 264 мектептің жанында көктемгі көшеттерді отырғызды.

 Бұл бастамаларын жастар Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі Ғани Мұратбаевтың туылғанына 110 жыл толғанына арнап отыр.

 Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері, «Қызылорда жастары» қауымдастығы, «Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қоры, Қазақстан студенттерінің Альянсы Қызылорда қалалық филиалы, Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер кәсіподағы комитеті, «Жас Отан» Жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалы, «Дарын» продюсерлік орталығы, «Студент жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестіктерінің белсенді мүшелері, барлығы 100-ден астам жас қатысты