«Қызылорда-Жезқазған» күре жолында мұнай толтырылған автокөлік аударылды
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше, «Қызылорда-Жезқазған» автожолының екінші шақырымында мұнай толтырылған «Мерседес» автокөлігі аударылып, 3,5 тоннаға жуық мұнай сыртқа төгілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, жол-көлік апаты салдарынан көліктің 36 жастағы жүргізушісі мен 49 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайды жоюмен 12 адам мен 5 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД-ның 2 қызметкері мен 1 техникасы айналысты.