Қызылордада 103 көшенің жол төсемі жөнделді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жаз айлары мен қыркүйектің соңына дейін жол жөндеушілер 103 қалалық көшенің төсемін қалпына келтірді.

Қызылордада 103 көшенің жол төсемі жөнделді

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған қоса, 31 көшеде заманауи жарық жүйесі жөнделіп, қаланың түрлі аудандарында 37 типті балалар ойын алаңы орнатылды. «Әлеуметтік маңызы бар көптеген жобалар аяқталды. Аьап айтар болсақ, күрделі жөндеуден кейін 18 білім нысаны пайдалануға берілді, қазіргі заман талабына сай перинаталды орталық салынып бітті», - дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен. Сондай-ақ, Қызылордада барлық 3 қалалық мәдениет үйі де күрделі жөндеуден өтуде.