Қызылордада 14 адамды сан соқтырған алаяққа сот үкімі шықты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 14 тұрғынды жер учаскесін алып беремін деп алдаған адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ол Шиелі ауданының 14 тұрғынына жер учаскесін алып беремін деп алдап, ақша алған. Бұл іс бойынша жәбірленушілердің талап арызы қанағаттандырылды.

«Шиелі аудандық сотының үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4) тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушыдан жәбірленушілер пайдасына қылмыстық әрекетпен келтірілген зиян өндірілді. Сот үкімі апелляциялық сатыдағы сот алқасында қаралып, үкім өзгеріссіз күшінде қалдырылды. Бүгінгі күні сот үкімі заңды күшіне енген», - деді Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов.

Ведомство мәліметінше, облыста алаяқтық қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 417-ден 316-ға (24%) төмендеген. Ол бүгінгі күнге дейін тіркелген 1673 қылмыстық құқық бұзушылықтың 18%-ын құрайды.

Жергілікті соттарда биылғы жылдың 5 айында 23 адамға қатысты 21 қылмыстық іс қаралды. Олардың арасында 18 іс бойынша айыптау үкімдері қабылданған.

Еске салсақ, Қызылордада алаяқтық қылмысының басым бөлігі интернет арқылы жасалған.



Соңғы жаңалықтар