10:42, 03 Шілде 2013 | GMT +5
Қызылордада 16 жастағы жеткіншек Сырдария өзеніне батып кетті
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Кеше Қызылорда қаласында Сырдария өзеніне шомылу барысында 16 жастағы жеткіншек суға кетті.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Оның денесі судан ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД суда-құтқару қызметінің (4 адам мен 1 техника) күшімен шығарылды.