Қызылордада 3250 тоннаға арналған көкөніс қоймасы ашылады

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы «Алтын қамба» агроөнеркәсіп комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы сыйымдылығы 3250 тонналық жаңа қойманың пайдалануға берілетін шағы таяу.
None
None

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаның негізгі мақсаты  «Алтын қамба» АӨК» ЖШС базасында көкөніс өнімдерін сақтау және өткізумен айналысатын, жаңа қондырғылармен жабдықталған және озық технологиялармен қамтамасыз етілген  қоймасы бар сауда-логистикалық орталығын ұйымдастыру болып табылады.

Оның жалпы құны 747 152,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде 245,0 млн. теңге ғимарат құрылысы, электр желісі т.б., 98,0 млн. теңгеге технологиялық жабдықтар да бар.

Жобаны жүзеге асыруда «Алтын қамба» АӨК» ЖШС-нің қаржылары, «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС арқылы тиісті жабдықтар, «Оңтүстік қаржы компаниясы» ЖШС арқылы автокөліктер лизингіге алынып берілді.

«Оңтүстік қаржы компаниясы» ЖШС-нің лизингтік бағдарламасы негізінде «Алтын қамба» АӨК» ЖШС-іне 10  «DAF» рефрижераторы және 3 «КАМАЗ» автокөліктері алынып берілді.

Қазіргі таңға көкөніс сақтау қоймасының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, голландиялық (Tolsma) заманауи жабдықтар орнатылды. Сақтау қоймасы картоп, пияз, сәбіз секілді өнімдерді сақтаудың желдеткіші, булануға қарсы,  ылғалдылықты бақылау жүйелері, контейнерлерді тиеу және түсіру мәшинелері, электрқозғалтқыштармен жабдықталған.

Компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етілген автокөлік таразысы салынып, темір жол таразысы мен темір жолды, трансформаторлық подстанцияны жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар