Қызылордада 40 батыр анаға «Алтын» және «Күміс алқалар» табысталды
«7 мамыр - Отан қорғаушы күні мерекесі қарсаңыда Сіздерді «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларымен марапаттау шарасын ұйымдастыруымыз тектен-тек емес. Расында, ғалым да, ақын да, батыр да, дана да анадан туады. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарды құрметтеу бұл біздің перзенттік парызымыз. Ерлермен иық теңестіріп, батырларға тән ерліктерімен аңызға айналған аналарымыз да аз емес. Мысалы, кешегі соғыстың сұрапыл жылдарында Отан үшін от кешкен батыр апаларымыз Әлия, Хиуаз бен Мәншүктер - қазақ қыздарының өжеттігі мен ерлігінің символы. Сондықтан, батыр ана атанып, «барым балам үшін» деген Сіздерді бүгінгі күннің нағыз батырлары ретінде мақтан етеміз», - деген қала әкімінің орынбасары.
Мемлекеттік награда табысталған 40 батыр ананың 8-і «Алтын алқа» және 32-сі «Күміс алқа» иеленді. Олардың ішіндегі жасы ең үлкені 80 жаста болса, жас батыр ана 32 жаста.