Қызылордада 482,2 млн. теңге көлемінде еңбек қарызы қайтарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері прокурорлық ықпал ету нәтжесінде жұмысшылардың дер кезінде төленбеген 482,2 млн. теңге көлеміндегі жалақылары қайтарылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
None
None

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 10 мекеме 4311 жұмысшыға 482,2 млн. теңге берешек болып қалған. «Қызылорда Авто Транс» ЖШС мен «Импреза С.п. А.» АҚ мекемелері қызметкерлеріне ұзақ уақыт бойына қарыз боп келген. Сол секілді жалақыдан жалтарған мекемелер қатарында «Еңбек биржа ЛТД», «Фрак Джет», «Құмкөл Транс Сервис», «Құмкөл-Сервис», «Орта-Азия-Транспорты», «Бозенген-Газ», «Фирма Best-Service LTD», «Құмкөл-ЭКО», «КМНПЗ» ЖШС-тері және тағы басқалары бар.

«Бақылау актілеріне сәйкес, кінәлі мекеме басшылары әкімшілік жауапқа тартылды» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар