Қызылордада 70 жастағы батыр ананың жүрегіне ота жасалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 70 жастағы батыр ананың жүрегіне ота жасалды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қызылордада 70 жастағы батыр ананың жүрегіне ота жасалды

Науқас Үйтолған Бейсенғалиева туабітті жүрек ақауына шалдыққан. Жүрегінде тесік болған. Медицинада мұндай науқастарды 5-6 айлық кезден 5 жасқа дейінгі аралықта хирургиялық жолмен емдейді. Сырқатына қарамастан Үйтолған әже 10 баланы дүниеге әкелген. «Батыр ананың сыр бермей, аяқ басып жүргені - таңқаларлық жағдай», - дейді кардиолог мамандар.

Бірақ шөбере сүйген кейуананың кейінгі кезде ентігуі жиілепті. Соңғы кезде жүріп-тұруы қиындаған кезде ғана ол  дәрігерлерге жүгінген. Облыстық медицина орталығы кардиология бөлімшесінің меңгерушісі   Берік Дәуітбаев науқастың жағдай жақсы екенін бүгінде үйіне шығарылуға дайындалып жатқанын жеткізді.