Қызылордада «Ағаш ексең аялап, басыңда болар саябақ» деген атпен көшелер арасында бәсеке болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы Белкөл кентінде әкімдіктің ұйымдастыруымен «Ағаш ексең аялап, басыңда болар саябақ» деген атпен көшелер арасындағы бәсекенің екінші кезеңі болып өтті.

  Қызылордада «Ағаш ексең аялап, басыңда болар саябақ» деген атпен көшелер арасында бәсеке болды

«Көшелер сайысының» мақсаты - кент тұрғындарының көше тазалығын сақтау арқылы тұрғылықты жердегі тазалыққа үлес қосуына қол жеткізу және халық арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Ол 3 кезеңнен тұрады. Сайыста 1 орынды - 2-ші желі, 2 орынды - Зеленая, 3 орынды М.Есмаханов көшелері иеленді.

Жалпы, биыл көктемгі екі айда 6 сенбілік өткізілді. Әр сенбілік сайын 200-250 адам сенбілікке шығып, кент көшелерінен орташа алғанда аптасына 7-12 текше метр қоқыстар шығарылып отырды. «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС барлық сенбілікте қоқыс тиейтін көліктермен қамтамасыз етті. Кент бойынша айына 62 текше метр, бүгінгі күнге дейін 240 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы полигонға шығарылды.