Қызылордада ақбөкен атқан браконьер қолға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында браконьерлер үш ақбөкенмен қолға түсті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.
None
None

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында экологиялық қылмыстардың алдын алу мен браконьерлік әрекеттердің жолын кесу мақсатында рейд өткізілді.

Полицейлер мен «Охотзоопром» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің бірлескен рейдті кезінде 14 қаңтар күні Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылды.

Қармақшы ауданы тұрғынының басқаруындағы көліктің жүк салғышынан қапқа салынған ақбөкеннің үш тушасы табылды. Бұдан басқа, еш құжаты жоқ 12-калибрлі 1 ұңғылы аңшы мылтығы, 7 патрон мен 1 ағаш сапты пышақ тәркіленді.

«Бұл факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу басталды», - делінген таратылған хабарламада.

 

  

  

Соңғы жаңалықтар