Қызылордада ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған апталық өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбе­бап ғылыми кітапха­нада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған апталық мәреге жетті.

Қызылордада ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған апталық өтті

«Гауһар жырдың дүлдүлі - Мұқағали» деген атпен өткен бұл шара бала­лар әдебиеті бөлімі ұйымдастырған «Алтын қа­ламды ардақты ақын» атты әдеби-сазды кешпен басталды. Оған Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универ­ситеті жанындағы қазақ-түрік лицейінің ұстаздары мен оқу­шылары атсалысты. Кеште ақын жырлары оқылып, өлеңдері бойынша жазылған әндер орындалды.

Шара барысында кітапханада «Тау тұлғалы талант» атты кітап көрмесі ашылды. Балалар әдебиеті бөлімінің жанындағы «Рауан» интеллектуалдық шығармашылық клубының мүше­лері, №4 облыстық дарынды бала­ларға арналған мектеп-интер­наттың оқушылары ақынға арнал­ған өз өлеңдерін оқып берді.