Қызылордада Арал өңіріндегі экологиялық проблемаларға қатысты дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 17-18-і күндері Қызылордада «Қазақстанның Арал өңіріндегі қазіргі таңдағы су және экологиялық қауіпсіздік проблемалары және оларды шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараны Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордың Атқарушы дирекциясы және ЕҚЫҰ-ның Астанадығы орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр. «Шараға Польша, Австрия, Испания, Норвегия, Финляндия және Чехияның дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ Қазақстанда тіркелген өзге де елшіліктердің және халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда БҰҰ Даму бағдарламасының, Ислам даму банкінің, Еуразиялық даму банкінің өкілдері қатысатын болады», деді А. Әбдірахманов.