Қызылордада ауыл мектебінің директоры сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Жалағаш аудандық соты ауыл мектебінің директорына қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Қызылордада ауыл мектебінің директоры сотталды

Облыстық  соттан мәлім еткендей, мектепте директоры өзінің лауазымдық өкілеттігін пайдалана отырып, азаматша М.-нан атқарып жүрген қызметінің үстіне 0,5 жүктеме қосып бергені үшін 5 мың теңге талап еткен.

Мектеп директоры аталмыш соманы алу барысында ұсталды.

Сот үкімімен білім мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы, 1-бөлігіне (пара алу) сәйкес кінәлі деп танылды. Оған дүние-мүлкін тәркілеу, білім беру саласында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру, параның 50 еселенген сомасы мөлшерінде (250 мың теңге) айыппұл салу жазасы тағайындалды.