Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы мәреге жетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-1-5 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы «Еуразия» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан кубогы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Бес күнге созылған жарыста Алматы қаласынан және облыс орталықтарынан 15 команда, 152 зілтемірші кімнің мықты екенін анықтады.

 Жылдағы дәстүр бойынша 94 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған  спортшыға ақшалай сыйлық пен Илья Ильин атындағы кубок тапсырылады. Бұл бәсекеде қызылордалық Рүстем Сыбай кубок пен сертификаттың иегері атанды.

null  

Ел кубогының  қорытындысы бойынша Қызылорда облысының ерлер командасы 193  ұпаймен топ жарды. Алматы облысының командасы  192 ұпаймен екінші орыннан көрінсе, 191 ұпаймен Алматы қаласы үшінші орынды еншіледі.

null  

Ал әйелдер арасында Алматы қаласы (164 ұпай) жеңімпаз атанса, екінші, үшінші орындарды Қызылорда облысы (158 ұпай) мен Шығыс Қазақстан  облысының командалары (155 ұпай) бөлісті.

null  

Жекелей жаттығулар бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей:

48 келі әйелдер:

I орын Юлия Потасова (Алматы обл) - 125 (55+70)

II орын  Наталья Бедрик (Алматы обл.) - 110 (49+61)

III орын Айнұр Әбдіхалықова (Жамбыл обл.) - 110 (50+60)

53 келі әйелдер:

I орын Әсел Амангелді (Алматы қ.) - 175 (79+96)

II орын Александра Лачкова  (Алматы обл.) - 174 (79+95)

III орын Ақмарал Үргешбаева  (Ақтөбе обл.) - 150 (67+83)

56 келі ерлер:

I орын  Игорь Сон (Алматы обл.) - 235 (105+130)

II орын Асхат Ділдаев  (Алматы қ.) - 194 (88+106)

III орын  Алмат Асанханұлы (Қызылорда обл.) - 189 (83+106)

58 келі әйелдер: 

I орын Сәуле Сәдуақасова (Қостанай обл.) - 183 (83+100) 
II орын Лидия Ануфриева (ШҚО) - 181 (81+100) 
III орын Мәдина Астамирова (ШҚО) - 160 (70+90) 

62 келі ерлер: 

I орын Ерболат Жоламанов (Қызылорда обл.) - 263 (117+146) 
II орын Анатолий Савельев (Алматы обл.) - 263 (121+142) 
III орын Тимур Хасаров (Алматы обл.) - 242 (112+130)

63 келі әйелдер: 

I орын Әсем Садықова (Қызылорда обл.) - 195 (85+110) 
II орын Дарья Павлова (ШҚО) - 184 (83+101) 
III орын Кристина Крахалева (Алматы обл.) - 168 (75+93) 

69 келі ерлер: 

I орын Альберт Линдер (Алматы обл.) - 320 (145+175)
II орын Михаил Дроздов (Алматы обл.)- 295 (135+160)
III орын Арыстанбек Жақанша (Қызылорда обл.) - 280 (123+157)

69 келі әйелдер:

I орын Майра Файзуллаева (ОҚО) - 203 (87+116)
II орын Анастасия Бурова (Атырау обл.) - 203 (93+110)
III орын Диляра Піржанова (Қызылорда обл.) - 187 (85+102)

75 келі әйелдер: 

I орын Раушан Мешітханова (Алматы обл.) - 220 (105+115)
II орын Анна Нурмухамбетова (Ақмола обл.) - 215 (97+118)
III орын Ольга Пастухова (Алматы обл.) - 207 (90+117)
+75 келі әйелдер: 
I орын Александра Аборнева (ОҚО) - 235 (100+135)
II орын Айзада Мұптілда (Алматы қ.) - 225 (100+125)
III орын Гүлназ Шамиева (Қызылорда обл.) - 199 (90+109)

77 келі ерлер:

I орын Александр Ким (Алматы қ.) - 298 (135+163)
II орын Асылжан Бектай (Қызылорда обл.) - 298 (135+163)
III орын Нұрғиса Әділетұлы (Алматы қ.) - 298 (135+163)

85 келі ерлер: 

I орын Нұрболат Іргебай (Атырау обл.) - 320 (140+180)
II орын Вячеслав Гроссу (Қарағанды обл.) - 302 (138+164)
III орын Кирилл Староверкин (Қарағанды обл.) - 300 (137+163)

94 келі ерлер: 

I орын Рүстем Сыбай (Қызылорда обл.) - 338 (152+186)
II орын Шыңғыс Сағындықов (Алматы қ.) - 330 (145+185)
III орын Иван Голушко (ШҚО) - 330 (150+180)

105 келі ерлер: 

I орын Максим Лактионов (Қарағанды обл.) - 375 (176+199)
II орын Ибрагим Берсанов (Алматы обл.) - 360 (170+190)
III орын Әліхан Шайхидинов (ОҚО) - 337(150+187)

+105 келі ерлер: 

I орын Дмитрий Каплин (ШҚО) - 365 (165+200)
II орын Ердос Сайлау (Алматы қ.) - 326 (146+180)
III орын Рашид Әскеров (Ақмола обл.) - 299 (132+167)

Соңғы жаңалықтар