Қызылордада азғындық әрекет жасады деп айыпталған ұстаз 10 жылға сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда маңындағы Белкөл кентінде математика пәнінің мұғалімі он жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап.
None
None

  Даулы оқиға былайша өрбіген. Алтыншы сыныпта оқитын екі қыздың анасы «ұстазы қыз балаларға азғындық жасамақ болды» деп мұғалімнің үстінен арыз жазады. Жеме-жемге келген тергеу барысында қыздардың бірі куәлік етуден бас тартады.

Ал, адвокаттың айтуынша, сот бұл жағдайды да, өзге оқушылардың куәлігін де назарға алмаған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, математика пәнінің мұғалімі Әкпар Исахаев сәуір айында тұтқындалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар