Қызылордада азық-түлік бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы негізгі азық-түлік бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіп келеді,

Қызылордада азық-түлік бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде

деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі. Басқармадағы ақпараттық-маркетингілік жүйе арқылы жүргізілетін мониторингтің нәтижесінде бүгінгі күні аймақта азық-түлік түрлерінің бағалары қандай болып отырғанын пайымдауға болады.

Мониторинг Қызылорда қаласындағы «Мирас» сауда үйінің ауласында көкөніс өнімдерін көтерме сататын орында картоптың келісі - 95 теңге, пияз бен сәбіз - 80 теңге, қырыққабат 115 теңгеден болса, «Мирас» сауда үйінің әлеуметтік қатарында картоптың келісі - 95 теңге, қырыққабат - 120 теңге, пияз бен сәбіз - 85 теңге, жұмыртқаның 10 данасын 170 теңгеден, алманың бағасы 200 теңгеден алуға болатынын көрсетті. Сонымен қатар «Ажар» сауда үйінде қанттың келісі - 198 теңге болса, тұздың келесі 23 теңгеден сатылуда.