Қызылордада «Балалардың бастауы-2017» әлеуметтік жобалар байқауы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған балалардың әлеуметтік жобалар байқауы Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей - интернатында «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтті,-деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Байқау II - кезең бойынша 11 - 18 жас аралығындағы оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылып, онда жас жеткіншектердің 15 жобасы қаралды.

Шараның мақсаты - балаларды белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу, өз қала, ауылының тыныс - тіршілігіне қатысу құқықтары мен дағдыларын қалыптастыру, балалардың бастамаларын іске асыру үшін алаңдар құру болып табылады.

Жобаларды білім саласының мамандары мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері сараптады. Ең үздік деп танылған 3 жоба республикалық кезеңге жолданды. Олар: Қазалы ауданының № 258 орта мектеп оқушысы Еденбаева Айда, Қармақшы ауданының №269 орта мектеп оқушысы Аймағанбетов Дәулет, Қызылорда қаласының № 267 орта мектеп оқушысы Сәрсенбаева Аружан.

Жеңімпаздардың жобалары Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің www.bala-kkk.kz ресми сайтында және «Балалар бастауы - 2017» әлеуметтік жобалар жинағында жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар