Қызылордада «Балапан» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда
ҚЫЗЫЛОРДА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылордада «Балапан» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 99-ға жетті.
Оның ішінде 20 мемлекеттік және 41 жекеменшік балабақша, 38 мектепке дейінгі шағын орталықтар жұмыс жасауда.
Бұл туралы қала әкімдігінде өткен тұрақты кеңес отырысында қалалық білім бөлімінің бастығы Марат Аралбаев хабарлады.
Сала басшысының айтуынша, аталмыш мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 9881 бала тәрбиеленуде.
«Балапан» бағдарламасының маңыздылығына тоқталған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сала басшыларына балабақшаға деген сұранысты азайту мақсатында ірі компаниялардың ведомстволық балабақшаларын ашу бағытында жұмыстарды жандандыруды тапсырды.