Қызылордада «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» күре жолы бойында сервистік кешен ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қызылорда» жолының бойы сервистік кешен ашылды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордада «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» күре жолы бойында сервистік кешен ашылды

Жеке кәсіпкер «Гейдаровтың» «С» санатындағы «Қызылорда» жол бойы сервистік кешені «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 1 803-шақырымында орналасқан.

null  

ЖК «Гейдаров» директоры Муслим Мұзапаровтың айтуынша, жобаның құны 300 млн теңгені құрайды. Кешен кәсіпкердің жеке қаржысына салынған. Жоба пайдалануға берілген жағдайда 25 жаңа жұмыс орны ашылады. Жер телімінің жалпы аумағы - 2 га, құрылыс көлемі - 1,8 мың шаршы метрді құрайды.

null  

Кешенде 17 бөлмелі қонақ үй, 85 орындық дәмхана, автобөлшектер мен азық-түлік дүкені, шина жөндеу, көлік жуатын орын, себезгі және жүк көліктері мен жеңіл автокөліктерге арналған тұрақ болады.

null  

Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы  жол бойы инфрақұрылымының маңыздылығын атап өтті және кешен басшысына сәттілік тіледі.

null