Қызылордада «Борышкер» жедел іс-шарасының екі күнінде 4 млн. теңге айыппұл өндірілді
Аталған іс-шараға әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен қатар, Жергілікті полиция және өңірлік жеке сот орындаушылары жұмылдырылды.
Аталған іс-шарада қала бойынша 5 ұтқыр топ құрылып, барлығы 10 полиция қызметкері мен өңірлік сот орындаушыларынан кезекшілік кестесі құрылды. Бірлескен іс-шаралар аясында айыппұл төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің автокөліктерін автотұраққа қамау және мемлекеттік белгілерін алу жүзеге жұмыстары асырылуда.
Қазіргі таңда, аталған іс-шара басталғалы бері сот орындаушылардың қаулысы негізінде барлығы 11 млн. теңгені құрайтын 258 мемлекеттік белгі алынып, 198 автокөлік айып алаңына жеткізілді, 4 млн. теңге айыппұл өндірілді.
Қала орталығындағы 14 учаскелік аумақтағы учаскелік полиция инспекторлары борышкерлердің мекен-жайларын аралап, салынған әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде өтеу қажеттігі жөнінде тұрғындарға түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, айыппұлдарды өндіру жөнінде смс-хабарламалар таратылуда.