Қызылордада бұқаралық ақпарат құралдары шағын футболдан жарысты
ҚЫЗЫЛОРДА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылордадағы «Еуразия» спорт кешенінде жуырда жасы жүзге толған соғыс және еңбек ардагері Сүлеймен Сейітовтің құрметіне шағын футболдан турнир өткізілді.
Турнирге қаладағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралған алты команда қатысты. Осылайша облыстық «Ленин жолы» («Сыр бойы») газетін 1949-1951 жылдары басқарған журналистика ардагеріне өз ізбасарлары құрмет көрсетті. Турнирдің қорытындысында бірінші орынды «Сыр түлегі» газетінің футболшылары жеңіп алды. Сонымен бірге жекелеген ойыншыларға арнайы номинациялар бойынша жүлделер тапсырылды. Турнирде үштіктің сапынан көрінген командалар сый сияпатқа ие болды.