Қызылордада «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерге 8 мыңнан аса тегін қызмет көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Даму» қорының Қызылорда облысындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) бірнеше жыл қатарынан бизнесті жүргізу бойынша тегін кеңестік қызмет көрсетіп келеді. Орталық жұмысының нәтижелілігі  кәсіпкерлер арасында сұраныстың жоғары болуына тікелей байланысты болып отыр. Атап айтқанда, 2016 жыл ішінде КҚКО кеңесшілері кәсіпкерлерге 8183 қызмет көрсетті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі қорға сілтеме жасап.

Қызылордада «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерге 8 мыңнан аса тегін қызмет көрсетілді

Бизнес өкілдері кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен маркетинг және заң сұрақтары, бухгалтерлік және салық есебі бойынша білікті көмекке «бір терезе» режимінде қол жеткізуде. Гранттық қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға, екінші деңгейлі банктерден және БҰҰ Даму бағдарламасы аясында несие алу үшін, сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен жеңілдетілген несие қаржатын тартуға кәсіпкерлерге тегін түрде 83 бизнес-жоспар жасалып, қаржыландыруға дейін сүйемелденді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кеңестік-ақпараттық қолдаумен қатар, тұрақты түрде тегін оқыту семинарларын ұйымдастыру жолға қойылған. Өткен жылы КҚКО базасында түрлі тақырыптар бойынша100-ге тарта тегін семинарлар өтті. Тәжірибелі бизнес-тренерлерді шақырту арқылы өткізілген тренинг-семинарларда қатысушылар бизнес саласындағы маңызды ақпарат алып, практикалық тапсырмалардың шешімін табуға да машықтанды. Оқыту семинарлары арнайы студенттік жастарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен нәзік жанды аруларға бағытталып ұйымдастырған және онда қатысушылар старт-ап жобалар құруға қажетті білім алды.

Кәсіпкер Жұматай Қалиманың сөзінше, оның бизнесі «Даму» Қорының КҚКО жүгінген сәттен бастау алған.

null 

«53 жасымда бизнес бастап, ұлттық тағам түрлерін шығаруды қолға алдым. Мұның барлығы «Даму» Қорының КҚКО келіп, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндіктері жайында кеңес алудан басталды. Кеңесшілермен өз идеяммен бөліскеннен кейін, олар маған «ЖК» ретінде тіркелуге көмектесті және бизнес-жоспар жазып, өз бизнес-идеямды жүзеге асыруға қайтарымсыз грант ұтып алған гранттық қаржыландыру бағдарламасына қатысу үшін құжаттар пакетін жинауға жәрдемдесті. КҚКО заңгері және бухгалтері маған бизнесімді жүргізуге көмек беруде және осының барлығы тегін түрде», - дейді Жұматай Қалима. 

 «Даму» Қорының кеңесшілері банк пен кәсіпкер арасындағы жалғастырушы буын болып отыр. Бизнес өкілдеріне кеңес түрінде ғана емес, сонымен қатар қаржыландыруға дейінгі сүйемелдеу қызметін де көрсетуде.