Қызылордада «Дәрігерлер аллеясы» ашылады
Облыс орталығында қалалық денсаулық және демалыс саябағы бой көтеріп келеді. Демалыс саябағы 35 гектар аумаққа орналасқан. Бұл жұмыстарды «Бақ-Береке 2030» ЖШС атқаруда. Жоспарға сай мұнда веложол, 6 спорттық ойын алаңы болады. Қазір аяқ су каналы, түнгі жарық шамдары мен орындық, қоқыс жәшіктері орнатылған. Саябақта 20 мыңнан астам көшет пен 60 мыңға жуық гүл егілген. Демалыс орнында 10 450 шаршы метр аумақ абаттандырылған.
Саябақты аралап көрген қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мердігер компания атқарған жұмысты жоғары бағалады. Жасыл желекті көбейту мақсатында қала тұрғындарын күзгі маусымда тал көшеттерін отырғызуға үндеу керектігін айтты.
Сондай-ақ, «Сыр Ана» монументін қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды. Оны «Техноснаска - Ремсервис» ЖШС орындап шықты. Аталған орындағы 3150 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Онда 348 дана ағаш көшеті, 7 900 шаршы метрге көгал төселді. Жаяу жүргіншілер жолы мен спорттық-ойын алаңы, 2 субұрқақ салынды.
Сұлтан Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін 4,6 шақырымды құрайтын магистральді жол құрылысы қарқынды жүруде. Бұл жұмыспен айналысып жатқан «Қыран» ЖШС жоба бойынша күре жол бойына 3 шақырымға жуық веложол мен жаяу жүргінші жолын салды. Сол аумақта 3 автотұрақ, 4 аялдама орнатылді. Түнгі жарық шамдармен қамтылды. Қазіргі уақытта 1,7 шақырым жолға қиыршық тас төселіп, қоғаныс бөгеттерін таспен бекіту жүргізілуде.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асқан жобаның бірі - Нұрсұлтан Назарбаев даңғылын абаттандыру жұмыстары. Абаттандыру «Сыр сүлейлері» аллеясынан басталып Тасбөгет кентіне дейін жалғасады. Ұзындығы - 8 шақырым. Жол бойына көгал төселеді. Субұрқақтар мен тротуар салынады. Оны «Асана -Дар» ЖШС жауапкершілікке алған. Мердігер жоба аясында 180 адамды еңбекпен қамтыған.
Қызылорда қаласына қарасты ауылдарда әлеуметтік мәселелер шешіліп келеді.