Қызылордада екі ауылдың ортасындағы жолды су шайып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Кеше толассыз жауған жаңбырдан кейін Жаңақорған ауданындағы Кеңес және Бесарық ауылдарының арасын жалғап жатқан автомобиль жолын су шайып кетті.
None
None

Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндағы «Бесарық» су қоймасының сыйымдылығы - 15 млн. текше метр. Ауа райының қолайсыздығынан секундына 10-12 текше метр жаңбыр суы қоймаға құйылған. Жиналған су қойманың авариялық су қашыртқысы арқылы екі ауылдың ортасындағы «Тастақ» арнасы арқылы Сырдария өзеніне жіберілді.

«Автожол астындағы өткелдің су өткізгіш күйінің төмендігінен су жолды шайып кетті. Қауіпті орындар қаппен бөгелді. Жаңбыр тоқтаған бойда су деңгейі де төмендеді. Тұрғындар еш зиян шеккен жоқ. Ауыл арасындағы байланыс қалыпқа келді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар