Қызылордада экспортқа бағытталған өндірістер құрылуда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада экспортқа бағытталған өндірістер құрылуда. Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпанда халықпен есепті кездесуінде мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Шикізат секторына тәуелділікті азайту мақсатында біз бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған жаңа өндірістер құру бойынша жұмысты  жалғастырудамыз. Бұл тапсырманы Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында біздің алдымызға қойып отыр», -деді  облыс әкімі өз сөзінде.

«Бала-Сауысқандық» ванадий кен орнында тәжірибелік-өндірістік  зерттеулер аяқталды. 2016 жылы кәсіпорын метаванадат аммоний мен ванадий тотығын Тайвань мен Ресейге экспорттай бастады. Метаванадат аммонийдің сынама топтамасы АҚШ-қа да жіберілді. Енді басқа да елдер нарығына шығару жолдары қарастырылуда.

«Мұнан бөлек, 2016 жылдың қарашасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыс жөніндегі үкіметаралық комиссияда британиялық компания қара тақтатасты автоклавты өңдеу бойынша осы аталған инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Жобаның ІІ және ІІІ кезеңін 125 млн доллар көлемінде қаржыландыру туралы шешім қабылданды», - деді Қырымбек Көшербаев. 

Соңғы жаңалықтар