Қызылордада экстремистік мазмұндағы баспа өнімдерін сақтаған тұрғын жауапқа тартылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тиісті тексеру жұмыстарын жүргізу барысында діни алауыздықты қоздыруға бағытталған кітаптар сақтаған Қызылорда қаласының тұрғынын анықтайды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.
None
None

Департамент мәліметтеріне қарағанда, 1984 жылы туған күдіктіден айғақ зат ретінде кітаптар алынып, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Арнайы жүргізілген шаралар барысында ұсталған азаматтың заңға қайшы іс-әрекеті расталып, деструктивті діни ағымды ұстана отырып, ол діни алауыздықты қоздыруға бағытталған мәліметтер мен материалдар қамтылған өнімдерді сақтағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы, 4-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, соттың шешімімен 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Осыған сәйкес, облыс тұрғындарына экстремистік мазмұндағы баспа өнімдерін тарату мақсатынсыз сақтағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып, экстремистік басылым өнімдерінің тізімі Қазақстан Республикасы прокуратурасының ресми сайтында орналастырылғандығын хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар