Қызылордада елге еңбегі сіңген спортшылар марапатталды

ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат- «Мұз айдыны» спорт кешенінің мәжіліс залында ағымдағы жылдың екінші және үшінші тоқсанында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Мәжіліске аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшылары, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің директорлары, орынбасарлары қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
None
None

Мәжілісті бастау алдында басқарма басшысы Олжас Акимов сегіз спортшыға ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР спорт шебері куәліктерін тапсырды. Оны ішінде бокстан Қамшыбек Қоңқабаев ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері атағымен марапатталса, велоспорттан Ғабиден Әзен ҚР Спорт шебері және Халықаралық дәрежедегі спорт шебері куәліктерін иеленді. Қалған спортшылар Назерке Өмірғалиева (жеңіл атлетика), Гүлжайна Тыныбекова, Қожахмет Алтынбек (екеуі де байдарка мен каноэде есу), Ерсұлтан Әли (велоспорт), Әзиз Санатбаев пен Ақжол Зайыпқа (екеуі де бокс) ҚР Спорт шебері куәлігі берілді.

null 

Күн тәртібінде №4 және №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің білікті спортшылары мен спорт резервтерін дайындау жұмыстары, Сырдария және Жалағаш аудандарының дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің «Дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіштері» әкімшілік деректердің нақтылығы туралы хабарламалар жасалынды.

null 

Алқа мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдады.

Соңғы жаңалықтар