Қызылордада есірткі өсірген 60 жастағы ер адам ұсталды

Тамыз айының 18 күні аумаққа барлау жұмыстарын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округінен 6 км қашықтықтағы құмдардың арасынан 100 ш.м. созылған есірткі алқабын анықтады. Оқиға орнынан егіп-баптау жұмыстарымен айналысып жатырған 1957 жылы туылған азамат ұсталды. Айғақ зат ретінде алынған 47 түп шөптектес затқа сараптама тағайындалып, нәтижесінде жалпы салмағы 47 кг-ды құрайтын құрамында есірткі заты бар сора өсімдігі екендігі нақтыланды.
Бұдан бөлек, оқиға орнынан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған қалта анықталып, сараптама қорытындысымен жалпы салмағы 1 кг 240 гр-ды құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі анықталды.
Сонымен қатар тергеу жұмыстары барысында аталған азамат бұдан бөлек 2 есірткі алқабында егін баптау жұмыстарын жүргізгені белгілі болды. 1600 ш.м. созылған бірінші есірткі алқабынан 700 түп, екінші алқаптан 78 түп сора өсімдігі алынып, сараптама қорытындысымен құрамында есірткі заты бар сора өсімдігі екендігі нақтыланды.
Қазіргі уақытта, сезікті Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің Уақытша ұстау абақтасына қамаққа алынды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі, 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.