Қызылордада этносаралық және дінаралық келісім мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылордада облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы облыстық Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Еліміздегі дінаралық және ұлтаралық қарым-қатынасты, өңіріміздегі бейбітшілік пен татулықты нығайту мақсатын көздеген шараға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері, құқық қорғау органдары, облыстық тілдерді дамыту, жастар саясаты мәселелері басқармалары, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мен «Болашақ» университетінің оқытушылары, ҮЕҰ, этномәдени және діни бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Басқосуда баяндамалар жасалып, қатысушылар сұрақтар қойып, жауап алды. Олар ййларын айтып, пікірлерін ортаға салды, делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар