Қызылордада ғаламтор арқылы діни алауыздықты тудырмақ болған азамат сотталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралардың нәтижесінде әлеуметтік желі арқылы діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасаған Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға 2017 жылдың наурыз айында орын алған. Аталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, деструктивті діни ағымның ұстанушысы екендігі анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, айғақ зат ретінде аудиожазбалар алынып, бірқатар жедел іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде жоғарыда аталған азамат 2017 жылғы 5 маусымда сот шешімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 2 жылға шартты түрде сотталды.