Қызылордада гандболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат-Үстіміздегі жылдың 24-28 желтоқсан аралығында «Евразия» спорт кешенінде гандболдан әйелдер арасында (супер лига) Қазақстан Республикасы XXIII чемпионатының плей-офф ойындары басталады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордада гандболдан әйелдер арасында  Қазақстан чемпионаты өтеді

Оған «Алматы»ГК (Алматы қ.), «Іле» (Алматы обл.), «Алтай» СК (Өскемен қ.) және «Сейхун-ҚАМ-ҚМУ» (Қызылорда обл.) командалары қатысады.

Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР гандбол федерациясы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.