Қызылордада газ құбырын тарту бағасы едәуір арзандады

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласының жылу-қуат көздерін және тұрғын секторын ілеспе газға көшіру жобасы бойынша жеке тұрғын үйлерге газ құбырын тарту бағасы еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда едәуір арзандады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың қабылдауында болған "КазГазТранс Аймақ" АҚ-ның бас директоры Қайрат Шәріпбеков осылайша мәлім етті. Облыс басшылығының ұсынысын таразылаған акционерлік қоғам газ кіргізудің жаңа бағасын бекітуге келісті. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында газ құбырын үйге кіргізу бағасы 99,5 мың теңгені құрап отыр. Бұл республика бойынша орташа бағадан үш есеге жуық арзан болып табылады. Ол елімізде 250-300 мың теңгені шамалайды. Газ жүйесі саласы жоғары деңгейде дамыған өңірлер саналатын Алматы мен Шымкент қалаларында газ құбырларын тарту жұмысымен айналысатын компаниялар осындай бағамен жұмыс жасайды. Көгілдір отынның бағасы және  оны үйлерге жеткізу жұмысының құнының арзандығы жөнінен Сыр өңірі өзгелерге осылайша өнеге боларлық іс жасап отыр.

Соңғы жаңалықтар