Қызылордада қала мен облыс тұрғындарына психологиялық көмек көрсететін орталық ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылордада алғаш рет бірегей «Сана-Сезім» психологиялық көмек және психокоррекция орталығы ашылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Орталық жетекшісі Раушан Базарбайдың айтуынша, осы мекеме қала мен облыс тұрғындарына психологиялық көмек көрсету бойынша кешенді жұмыс жасайтын болады. Мұнда түрлі саладағы мамандар: наркологтар, психологтар, балалар психологы, көпсалалы арт-терапевтер, құм аниматорлары, рухани йога терапевтері жұмыс істейді. Орталықтың қызмет салалары әртүрлі болғанымен, олардың барлығы адамның рухани сауығуына бағытталған. Мұнда релаксациялауға арналған бөлмелер, балалар психологы, психотерапия кабинеттері, үлкен және кіші тренингтік залдар бар.

Шара барысында «Сана-Сезімнің» бас дәрігері, жоғары санаттағы нарколог, психиатр Ақтоты Әлназарова орталықтың барлық облыстық әрі жалпыұлттық деңгейдегі мүдделі құрылымдармен байланыста болатынын жеткізді.

«Орталықтың қызметі, яғни білікті психологиялық көмек көрсету, кәсіби этика қағидаларын қатаң сақтау кәсібилікке негізделеді. Оған қоса, басты принциптеріміздің бірі - құпиялылық.

Біздің парызымыз - оның жаны неге қиналатынын түсініп, жан мәселесінің тиімді шешімін табу», дейді орталық мамандары.

Соңғы жаңалықтар