Қызылордада қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қарақшылық шабуыл жасаған 4 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылордада қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Қаңтар айының 2-нен 3-не қараған түні сағат 00.30 шамасында А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан ойынханалардың біріне бетперде киген бір топ белгісіз азаматтар баса-көктеп кірген. Қолындарындағы пышақтарымен ойынхана кассирін қорқытып, кассадан 220 мың теңгені алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қызылорда қалалық ІІБ «102» арнасына түскен хабарлама негізінде оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, қылмыс орнынан «Стриммер» газды-травматикалық тапаншасы алынды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 18, 21 және 22 жастағы 4 азамат ұсталып, барлығы да  уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазір осы оқиға бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігімен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.