Қызылордада киіктің мүйізін тасымалдағандар ұсталды (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада ақбөкеннің мүйізін сақтаған және тасымалдағандарға қатысты үш оқиға қатысты үш оқиға анықталды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордада киіктің мүйізін тасымалдағандар ұсталды (ФОТО)

Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында 29-31 наурыз аралығында Табиғатты қорғау полициясы рейд жүргізді. Шараның екінші күнінде 3 қылмыстық іс қозғалды.

Атап айтқанда, 29наурызда Қызылорда-Құмкөл тас жолының 95 шақырымында Жалағаш ауданының 25 жасар тұрғыны басқарған «Daewoo-Gentra» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Көліктің тексеру барысында, жүксалғыштағы сөмкеден киік мүйізі табылған. 4 дана киік мүйізі айғақ зат ретінде алынып, тәркіленді, аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Дәл осындай оқиға 30 наурызда қайталанды. Яғни, кешке полиция қызметкерлері Қызылорда-Павлодар тас жолының бойынша күдікті ГАЗ - 3110411 жүк көлігі тоқтатылды. 40 жастағы қала тұрғынының көлігін тексеруде жүксалғыштан киік аңының мүйізіне ұқсас 6 дана мүйіз анықталды. Айғақ зат тәркіленді.

Сонымен қатар, 1 сағат уақыт өткеннен кейін дәл осы аумақта экологиялық заңнамаларды бұзудың тағы бір қылмыстық фактісі тіркелді. Яғни, 33 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы «Мазда-626» маркалы автокөлігі тоқтатылып, автокөлікке қарау жүргізу барысында көліктің жүксалғышынан 10 дана киік мүйіздері айғақ зат ретінде алынды.

Қазіргі таңда, аталған 3 дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де, олар жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын иемдену, сақтау, тасымалдау, сол сияқты оларды жойғаны үшін 3 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
null null null