13:37, 26 Мамыр 2023 | GMT +5
Қызылордада көлігіне қарақұйрықтың ұшаларын тиегендер ұсталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ВАЗ автокөлігімен қарақұйрықтың ұшасын заңсыз тасымалдаған екі қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Автокөлікті тексеру барысында айғақты зат ретінде 3 қарақұйрықтың ұшасы тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабымен («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.