Қызылордада көлік апатынан қайтыс болғандардың тізімі жарияланды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында төтенше жағдай кезінде «Мерседес Спринтер» шағын автобусы мен «Тойота Ланд Крузер Прадо» автокөлігі соқтығысынан қайтыс болған кісілердің тізімін жариялады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордада көлік апатынан қайтыс болғандардың тізімі жарияланды

Апат салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен шағын автобустың сегіз жолаушысы қайтыс болды.

ТЖМ берген тізім бойынша, қайтыс болғандар:

Қасымбаева М. 1949 ж.т.,

Сейдахметов Ж. 1963 ж.т.,

Қалменова У. 1963 ж.т.,

Құрбанова О. 1948 ж.т.,

Арынова Э. 1981 ж.т.,

Сахиева Н. 1955 ж.т.,

Бейбітова Б. 1959 ж.т.,

Сапарова К. 1966 ж.т.,

Фазылов Д., 1980 ж.т.,

Нұрмағанбетов Б. 1976 ж.т.

Емделу үстіндегілер:

Ержанов К. 1978 ж.т.,

Камал А. 1980 ж.т.,

Зәкенов А. 1958 ж.т.,

Кемелбеков Н. 1950 ж.т.,

Сырыбайқызы М. 1959 ж.т.,

Мамытова Р. 1939 ж.т.,

Досқұлов Б. 1947 ж.т.,

Қамысбаев Г. 1983 ж.т.,

Бейсенов Г. 1978 ж.т.

Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай 7 мамыр күні таңғы сағат 9-дар шамасында «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» тас жолының Шиелі ауданы, Тартоғай елді мекені маңында орын алған.

Оңтүстік Қазақстан облысына қарай бет алған жолаушылар мінген «Мерседес Спринтер» шағын автобусы мен Қызылорда қаласына қарай қарсы бағытта келе жатқан «Тойота Ланд Крузер Прадо» автокөлігі соқтығысқан. Мәлімет бойынша екі көлікте барлығы 19 адам болған.

Қазір жол көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, себептері анықталу үстінде.