Қызылордада көпқабатты үйдегі өрттен 61 жастағы тұрғын күйіп қалды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көпқабатты тұрғын үйдегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 желтоқсан күні сағат 11.31 кезінде Мерей мөлтекауданы, 23 мекенжайында көпқабатты үйдің бірінші қабатынан түтін шығып жатқаны хабарланған.

Оқиға орнына өртке қарсы қызметтен 8 маман 2 техника барды.

Барлау нәтижесінде үйдің 3-қабатындағы пәтердің жатын бөлмесінде тұрмыстық заттар жанып жатқаны анықталды.

Газ-түтіннен қорғау буыны пәтерден ес-түссіз жатқан ер адамды тапты. Өрт сөндірушілер 1961 жылы туған азаматты қауіпсіз жерге шығарды.

Зардап шеккен тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем мамандарына тапсырылды.

Өрт көпқабатты үйдің өзге пәтерлеріне жайылмады.

Қазіргі таңда тілсіз жаудың шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр.

Зардап шеккен азаматтың жағдайы ауыр. Дәрігерлердің жіті қарауында.

Ақ халаттылардың мәліметінше, азаматтың бетін 10-19% термиялық күйік шалған және көмірқышқыл газынан уланған.

Фото: instagram.com/qyzylorda_tjd

Соңғы жаңалықтар