Қызылордада Қорқыт ата күні аталып өтуі мүмкін

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жергілікті жұртшылық 27 қарашаны Қорқыт ата күні ретінде атап өтуі мүмкін. Өңір тұрғындарына осындай ұсыныс жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Былтыр Сыр өңірінің мәдени бренді - Қорқыт ата мұралары ЮНЕСКО-ның ХІІІ сессиясында Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық мәдени мұралар тізіміне енгізілді.

Аталмыш игілікті іс Шығыс Африкадағы Маврикий Республикасында 217 мемлекет қатысқан шара барысында жүзеге асты.

«Бұл - біз үшін үлкен жеңіс. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен 2013 жылдан бастап облыс әкімдігі жанынан тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалану, сақтау ғылыми кеңесі қызмет атқарып келеді. Сондықтан Қорқыт ата мұраларының ЮНЕСКО-ның ғаламдық мәдени мұралар тізіміне енгізіліуі - сол ғылыми кеңестің нәтижелі еңбегі деп бағалаймыз. Ол - ғалымдармен бірлесіп жасаған жұмыстардың қорытындысы. Бұл Сыр халқының ғана емес, түркі әлемінің жеңісі. Сондықтан биылғы жылы 27 қарашаны өңірдің халқы қолдау білдіріп жатса, Қорқыт ата күні деп жариялауға ұсыныс білдірдік. Әрине, мұның барлығы алдағы уақытта шешілмек», - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.

Соңғы жаңалықтар