Қызылордада қос ұстаз жеңіл автокөліктің иелері атанды

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Қызылордада  ұстаздардың кәсіби мерекесі ерекше аталып өтілді.
None
None

 Атап айтқанда Н. Бекежанов атындағы драма театрында өткізілген аймақтағы білім беру қызметкерлерінің «Ұстаз шәкіртімен бақытты» атты салтанатты шарасында облыстың білімді де,  білікті химия және биология пәндерінің 2 ұстазы жеңіл автокөліктің иесі атанды.

Нақтырақ айтқанда, биылғы жылы облыс әкімінің бастамасы негізінде облыста  химия-биология пәндері мұғалімдерінің арасында олимпиада өткізілген болатын.

Ұстаздар күнінен арналған салтанатты шарада аймақ басшысы Б. Қуандықов аталмыш олимпиада қорытындысы бойынша 1 орын иегеріне 500 000 теңге, 2 орын иегерлеріне  300 000 теңге, 3 орын иегерлеріне 200 000 теңге қаржылай сыйлық, сондай-ақ бас жүлде иегерлері - Қызылорда қалалық №6 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Людмила Фидосеенкоға және №9 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Виктория Рябоваға қос «Lada Granta» автокөлігінің кілтін тапсырды.

Салтанатты шара барысында облыс әкімінің білім беру саласы қызметкерлерінің жыл сайынғы сыйлығын тағайындауына сәйкес  3 үздік ұстазға 1 000 000 теңге, 8 ұстазға 200 000 теңге, 8 ұстазға 150 000 теңге, 8 ұстазға 100 000 теңге көлемінде сыйақы, сонымен қатар, биылғы жылы шетелге тәжірибе жинақтау үшін жолдама беру қолға алынып, 18 мұғалімге шетелге жолдама берілді. Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 

Соңғы жаңалықтар