Қызылордада құлаған үй: Тұрғындарға 6 ай уақытша баспана беріледі

  ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Титов тұрғын ауданындағы бір бөлігі құлаған жатақхана  тұрғындарымен жүздесті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада құлаған үй: Тұрғындарға 6 ай уақытша баспана беріледі

Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда, аталған жатақхананы бұзу туралы шешім қабылданды.

Облыс әкімі Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындар 6 ай мерзімге уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Қаржысы жергілікті бюджеттен беріледі. Сондай-ақ, арнайы комиссия құрылып, олар әр тұрғынның жағдайын зерттеп, заң шеңберінде баспанамен қамтамасыз етілмек.

Аталған мәселе облыс әкімдігінің бақылауында.

Еске сала кетейік, кеше кешке Қызылорда қаласы Титов кентіндегі №16 тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып құлағаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 
null