Қызылордада Құтқарушылар күні аталып өтілді
А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде салтанатты шара ұйымдастырылды. Облыс әкімінің орынбасары Ұранхаев Нұрлан Тельманұлы, ТЖ департаментінің бастығы полковник Төлеужанов Ерік Қабашұлы, РФ ТЖМ «№70 Өртке қарсы қызмет арнайы басқармасы» ММ бастығы ішкі қызмет полковнигі Заровский Андрей Викторович, ардагер Лазурченко Борис Михайлович қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік шара барысында департамент бастығы полковник Е.Төлеужанов қызметте ерекше көрінген қызметкерлерді ҚР ТЖМ кеуде белгілерімен, құрмет қағаздарымен және алғыс хаттармен марапаттады.
Құтқарушылар күні мерекесі аясында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Екі күн бойы ҚР ТЖМ құрылымдық бөлімшелері арасында спорттық жарыстар өткізілді.
«Менің құтқарушым» тақырыбында балалар арасында жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, кәсіби мереке кезінде облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, орталық алаңда құтқару құрал-жабдықтары көрмеге қойылды.
Қызылорда облысы ТЖД, «ОӨАЖҚЖ» ММ» ж»не «СҚҚ» ММ облыстық Абылай хан атындағы колледжде студенттер арасында сайыс өтіп, онда балалар алғашқы кезектегі құтқару жұмыстарын атқарудан сайысқа түсті.
«ОӨАЖҚЖ» ММ облыс тұрғындарына арнап «Ашық есік күнін» өткізіп, тұрғындарға арнап құтқару операцияларынан көріністер көрсетті. Жиынға жиналған жұртшылық Қызылорда облысы ТЖД «Сыр лебі» фольклорлық ансамблінің мерекелік концертін тамашалады.