Қызылордада қылмыскер жас жігітті ұрып өлтіріп, денесін әжетханаға тастап кеткен
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 27 қазанда Қызылорда қаласы тұрғыны - азаматшадан «102» қызметінің кезекші бөліміне 24 жастағы ұлы таңертең дүкенде сауда жасап тұрған жерінен шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде және келесі күні таңертең аталған азаматшаның ұялы телефонына белгісіз нөмірден «полицияға хабарласпай 3.000.000 теңге тап, бір аптадан кейін хабарласамын» деген смс-хабарлама келгендігі жөнінде ақпарат келіп түскен болатын.
Хабарлама түскеннен кейін Қызылорда ОІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, қысқа мерзімде қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде 20 жастағы қала тұрғыны анықталып, оны полиция қызметкерлері тұтқындады.
Тергеу барысында жәбірленуші мен сезіктінің арасында жанжал туып, әжетхана жанында екеуі төбелесіп, сезікті оны жерде жатқан шипырмен мойнынан ұрып өлтіргені анықталды. Дененің демалмай жатқанын көріп, мәйітті әжетхананың ішіне тастай салған. Соңынан қылмысын жасырып, полицияны адастыру мақсатында жәбірленушінің анасының ұялы телефонына жалған хабарлама жолдаған.
азіргі таңда күдікті Қызылорда ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша 27.10.2014 жылы Қызылорда ҚІІБ-нің Тергеу бөлімі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 96-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.