Қызылордада М. Мәметова атындағы колледждің ұйымдастыруымен патриоттық әндер байқауы өтті (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіз ел ұрпағы жырлайды» атты қалалық патриоттық ән байқауы өтті. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордада М. Мәметова атындағы колледждің ұйымдастыруымен патриоттық әндер байқауы өтті (ФОТО)

Байқауға алдын ала іріктеуден өткен қаладағы техникалық және кәсіптік оқу орындарының 18 өнерлі студенттері қатыстып өз өнерлерін көрсетті. Байқау екі кезеңнен өтті. І кезең патриоттық ән орындау , ІІ кезең еркін тақырыптағы әндер болды.

«Қазақстан! Құшағы кең ұлыстардың Отаны, мақтанышпен ұрпақ сенің әнге атыңды қосады»,- деп жырлағанТәуелсіз еліміздің патриот жастары өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Атап айтар болсақ, Қызылорда медицина колледжінің студенті,ұлты орыс Мясцов Никита Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін шырқаған кезде, залдағы көрермендердің рухы асқақтап, үлкен қуаныш сезімдерін ерекше қошеметтері арқылы білдірді.

Әділ қазылар алқасы өнерпаздардың деңгейін жоғары бағалап, жүзден жүйрік шыққан Қызылорда медицина колледжінің студенті Мясцов Никитаны Бас жүлдеге, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Көлбаев Сабыржанды жүлделі І орынға лайықты деп бағалады. Басқа да өнерпаздарға жүлделі орындар тағайындалып,бағалы сыйлықтар табысталды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздіктің «Мәңгілік елдің» ендігі тағдыры жас ұрпақтың біліктілігіне, білімділігіне, отансүйгіштігіне, жауапкершілігіне байланысты» деп айтқандайбүгінгі патриоттық әнбайқауына қатысқан өнерпаздар соның дәлеліндей болды.