Қызылордада мәдениет қызметкерлерінің күні аталып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА.16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Қызылордадағы Тәуелсіздік күніне орай Қызылорда қаласындағы Орталық алаңда мерекелік концерт өткізілді. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен хабарлады.

Қызылордада мәдениет қызметкерлерінің күні аталып өтті

«Еліміздегі мерекелердің мерекесі, ең ұлық күн - Тәуелсіздік күнінде Қызылорда қаласындағы Орталық алаңда халыққа мерекелік концерт қойылды», - делінген хабарламада.

Қызылордалықтарды қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов құттықтады. Шара барысында Ж. Оразғұлов, А. Қожахметов, Г. Бисекенова, Ә. Өмірбек секілді әншілер мен «АрҚаз», «Райан» топтарының өнерпаздары «Туған жер», «Меркем», «Тек алға», «Қорқыт-қобыз», «Сарыжайлау», «Қазақстан», «Көк тудың желбірегені», «Елбасы елдің тұтқасы» атты әндерін орындап, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.